Қазақстан тумасы қатарынан екі жеңістен кейін UFC ұйымымен жаңа келісімшарт жасады

Рафаэль Физиев. Сурет: UFC©
Қырғызстандық спортшы Рафаэль "Атаман" Физиев UFC ұйымымен жаңа келісімшарт жасады. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында хабарлады. 

Еске салайық, ол UFC ұйымында үш кездесу өткізіп, бір кездесуде жеңілсе, екі кездесуде қатарынан жеңіске жетті. 27 Жастағы Физиев Қазақстанда туылған. Соңғы жекпе-жекте оның өнеріне ұйымның президенті Дана Уайттың өзі таңғалды. Бұл спортшының менеджері - қазақстандық Саят Әбдірахманов. 

"UFC ұйымымен жақсартылған ұсыныс бойынша төрт кездесуге келісімшарт жазғаныма қуаныштымын. Менің менеджерім мен командама алғыс айтамын", - деп жазды Физиев. 







Метки: