19 қыркүйек Мәскеуде өтетін ACA 111 турнирінде қазақстандық файтер Артем Резников ресейлік Юсуф Раисовпен жекпе-жекке шығады.
"Кіммен жұдырықтасатыным бәрібір! Мен үшін бір нәрсе ғана маңызды. Қазақстан намысын қорғайтыным ғана. Сондықтан жекпе-жектен кейін туымызды көтеріп тұру үшін бәрін жасаймын", - деп береді спортшының сөзін MMA Fighters KZ Instagram желісінде.
28 жастағы Резников кәсіпқой карьерасында 27 кездесу өткізіп, 21 рет жеңіске жеткен және алты рет жеңілген.
Ал 24 жастағы "Борз" (Бөрі) лақап атты Раисов 16 айқасының біреуінде ғана есе жіберген екен.
Турнирдің басты жекпе-жегінде ресейлік файтерлер Абдул-Азиз Абдулвахабов пен Александр Сарнавский жұдырықтасады.
MMA
16 қыркүйек 2020 12:00