Осы халықаралық ұйымға мүшелік бұдан былай қазақстандық ММА біріккен федерациясы Қазақстанда аралас жекпе-жекті дамыту жөніндегі жалғыз уәкілетті орган болып табылатынын білдіреді.
Федерацияның құзыретіне аралас жекпе-жек бойынша ұлттық біріншіліктерді өткізу және халықаралық турнирлерге (әлем чемпионаттары, континенттің біріншілігі) қатысу үшін Қазақстан құрамасының құрамын қалыптастыру құқығы кіреді.
Қазақстанда 2018 жылдың желтоқсан айында бірнеше ММА федерацияларын біріктірген – "Қазақстанның ММА аралас жауынгерлік жекпе-жегі бойынша біріккен федерациясы" РҚБ жаңа құрылымы құрылды. Аталмыш ұйымға қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басшы болды, ал бас директоры – Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты қатар дамытып келеді.
Жарты жыл ішінде жаңа басқару жүйесі де өз нәтижесін берді. Аралас жекпе-жек бойынша ММА Қазақстан Республикасының құрамасы Тайландта 2019 жылғы Азия чемпионатының абсолютті рекордын орнатып, 7 алтын, 9 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған құрама сары құрлықтағы ең мықтылардың қатарына кірді.