28 шілде мен 2 тамыз аралығында Куала-Лумпурда (Малайзия) GAMMA ұйымының ұйымдастыруымен ММА-дан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 18 елдің ең мықты спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ересектер құрамасы командалық есепте сенімді түрде бірінші орын алып, құрлықтағы ең мықты ұжымдардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының президенті Сағындық Мекеев спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын айтулы жетістікпен құттықтап, бұл жеңіс аралас жекпе-жекті дамыту бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың заңды нәтижесі екенін атап өтті.
"Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын осы жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймын! Команданың әрбір мүшесіне жанқиярлық еңбегі, темірдей тәртібі және Қазақстанның абыройын халықаралық аренада лайықты қорғағаны үшін алғысымды білдіремін.
Бұл чемпионатта біз жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін спортшыларға сенім арттық. Оларға өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік бердік және бұл шешім толықтай өзін ақтады. Жігіттеріміз тамаша дайындықтарын, қайсар мінездерін және октагондағы жоғары шеберліктерін көрсетті.
Барлық спортшыларымызға жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмай, тынымсыз еңбектеніп, шеберліктерін шыңдап, жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспін. Алда бізді әлі талай маңызды жарыстар мен үлкен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін", – деді Сағындық Мекеев.
Қазақстан Ұлттық ММА федерациясының президенті сондай-ақ Ұлттық ММА федерациясының құрметті президенті әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиевке шынайы ризашылығын білдіріп, оның қазақстандық ММА-ны дамытуға қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.
Сағындық Мекеевтің айтуынша, дәл осындай жүйелі жұмыс, спортшыларға, жаттықтырушыларға және өңірлік федерацияларға көрсетілген жан-жақты қолдаудың арқасында бүгінгі жоғары халықаралық нәтижелерге негіз болған берік іргетас қаланды.
"Куала-Лумпурдағы табысты өнер көрсету қазақстандық аралас жекпе-жек мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ересектер арасындағы жалпыкомандалық жеңіс пен барлық жас санаттарындағы көптеген жүлделер спорт резервін даярлау жүйесінің тиімділігін және еліміздегі ММА-ның тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді.
Бүгінде Қазақстан Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қана қоймай, әлемдік деңгейдегі ірі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғай алатын жаңа буын спортшыларын тәрбиелеп келеді.
Азия чемпионатындағы жеңіс – жаттықтырушылар штабының, спортшылардың және осы спорт түрінің дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтардың көп жылғы жүйелі еңбегінің жемісі. Қазақстандағы ММА қарқынды дамуын жалғастыруда. Алдағы Жапонияда өтетін Азия ойындарында да қазақстандық жанкүйерлерді лайықты нәтижемен қуантуға бар күшімізді саламыз", – деді белгілі жаттықтырушы әрі спорт қайраткері.
Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы нәтижелері
Ересектер:
? Жексебай Абилмансур (56,7 кг)
? Нафис Хамза (61,2 кг)
? Анарбек Нұрғиса (74,9 кг)
? Шарипов Ильдар (79,4 кг)
? Шахгереев Мансур (93,0 кг)
? Аманғалиев Әли (56,7 кг)
? Пехотин Олег (65,8 кг)
? Жұмабеков Ақарыс (70,3 кг)
? Анас Нұркеш (79,4 кг)
? Сағатбек Нұрқанат (83,9 кг)
? Жолтаев Аманжол (83,9 кг)
? Жүсіпова Томирис (47,6 кг)
? Жақан Аружан (52,2 кг)
? Төреханова Айгерім (56,7 кг)
Жастар (U-21): ? Иманғали Санжар (56,7 кг)
? Мейірханов Альтаир (61,2 кг)
? Нұрланұлы Ерсайын (65,8 кг)
? Ордабаев Ералы (70,3 кг)
? Слямғали Акимғали (93,0 кг)
Жасөспірімдер (U-18): ? Қартай Санжар (65,8 кг)
? Тұлтаев Тамерлан (47,6 кг)
? Арлан Самигола (56,7 кг)
? Юлчиев Шахнұр (61,2 кг)
Жасөспірімдер (U-16): ? Мейірман Жарылқасынов
? Абдуали Талант (58 кг)
Кіші жасөспірімдер (U-14): ? Мұханжанов Санжар (38 кг)
Жарнама