Қазақстан командасы балкан елдері құрамасын мерзімінен бұрын жеңіп, Манамадағы ММА-ден Суперкубоктің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандықтар бес жеңіс айырмашылығымен турнирдің келесі айналымына шықты. Енді жартылай финалда спортшыларымыз Бехрейн - Тәжікстан текетіресінің жеңімпаздарымен айқасады.
Айта кетейік, қатар өткен жекпе-жектерде Ирландия командасы Океаниядан (5:4), Мексика командасы Араб елдері құрамасынан басым түсті (5:4). Жартылай финал бүгін, 10 наурыз, ал финал - 12 наруызда өтеді.