Қазақстандық файтер Саят "Аватар" Абдуәли (9-0) Octagon лигасының жаңа чемпионы атанды. Ол ұйымның 79-нөмірлі турнирінде өзбекстандық қарсыласы Амирхон Алихуджаевты (12-6) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек Ташкентте өткен турнирдің басты оқиғасы болды.
Алғашқы раундта-ақ Абдуәли қарсыласын қылқындырып тастады.
Саят Абдуәли октагонда жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді – ол тоғыз жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Ал Амирхон Алихуджаев үшін бұл – 12 жеңіспен қатар келген алтыншы жеңіліс.