Қазақ спортшысы Дамир Исмагуловтың UFC-дегі жекпе-жегі кейінге шегерілді

Сурет: instagram.com/ismagulov_damir

Аралас жекпе-жекте Ресейдің намысын қорғайтын, бірақ этникалық қазақ спортшысы Дамир Ысмағұлов жаңа келесімшарт бойынша UFC ұйымындағы келесі кездесуін 22 мамыр күні өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Мұндай ақпаратты Sherdog хабарлап отыр. Әу баста жекпе-жек бір аптаға ерте, Хьюстон (Техас штаты, АҚШ) қаласында өтуі керек еді. Енді Дамирдің жекпе-жегі Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтетін болды. 

Жекпе-жек уақыты неге өзгергені белгісіз. Бірақ қарсыласы ауыспады. Ол бразилиялық Рафаэль Алвес. 

Еске салайық, наурыз айында Исмагулов UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке жаңа келісімшарт жасады. Ол соңғы мәрте 2019 жылдың тамыз айында жекпе-жек өткізді. 

Метки: