Қазақ спортшының UFC-дегі дебютіне тікелей трансляция

11 маусым 2022 12:55
©UFC - Ultimate Fighting Championship/YouTube

12 маусымда Қытайда туған этникалық қазақ спортшы Мақсат Қайсар (8-1) UFC промоушеніндегі тырнақ алды жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қайсардың қарсыласы америкалық 30 жастағы Стив Гарсия (12-4) атанбақ. Жеңіл салмақтағы айқас Сингапурдегі UFC 275 турнирі аясында өтеді.

Жекпе-жек елорда уақытымен таңғы сағат 6:30-да басталады. Бұл кездесуді UFC Fight Pass сайтынан тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport