auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ спортшылар UFC промоушенінде көк тумен шықпайтын болды

Қазақ спортшылар UFC промоушенінде көк тумен шықпайтын болды
©UFC

UFC промоушенінде сынға түсіп жүрген қазақ баһадүрлері бұдан былай еліміздің көк туымен октагонға шыға алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Жалпы аталмыш ұйымда Қазақстан атынан шығып жүрген отандастарымыз саусақпен санарлық. Олар әлемдегі ең мықты промоушенінде алғашқы қадамдарын енді-енді жасап келеді. Кез-келген спортшы үшін, соның ішінде қазақ сарбаздары үшін халықаралық жарыстарда көк тумен шығу аса маңызды. Себебі ұлттық нақыштағы атрибутикаларымыз спортшыларымызға қосымша күш береді. Жауапкершіліктері артады.

Алайда бұдан былай әлемде болып жатқан саяси оқиғаларға байланысты ұйымның президенті Дана Уайт лиганың барлық спортшысына өз елдерінің туымен октагон ішіне аттап басуға рұқсат бермеді.

Жуырда ресейлік Петр Ян кештің басты айқасына шығар алдында Ресей туынсыз шықты. Ұйымдастырушылар көпшілік алдында арандатушылық болмасын деген оймен Янға алдын ала ескерту жасаған. Нәтижесінде ресейлік спортшы тусыз шықты. Сол секілді енді қазақ ММА шеберлері де ұлттық нақыштағы бас киімдермен шыққанымен, көк туды сегіз бұрышқа алып кіре алмайтын болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жарнама

Жарнама

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама