Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол Instagram желісінде сурет жариялап, былай деп жазыпты: "Қарсылас бар. Күнін белгіленді. Тер төгіп, еңбектеніп жатырмын. Кеттік!"
32 жастағы қазақ спортшы 2020 жылдың 11 шілдесінде UFC промоушенінде бірінші рет жұдырықтасып, бразилиялық Раулиан Пайваға есе жіберген. Кейін 23 қаңтарда Жалғас швециялық Алмир Альбазиден жеңілді. Оның аралас жекпе-жектегі рекорды - 13 жеңіс және бес жеңіліс.