Қазақ спортшы тумен арандатушы видео түсірген бразилиялықты жеңді

23 мамыр 2021 12:05
Сурет: UFC©️

Ресейлік қазақ Дамир Ысмағұлов (20-1) Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 27 турнирінде жеңіске жетті. Бұл оның промоушендегі төртінші айқасы, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Жеңіл салмақ лимитіндегі жекпе-жекте Дамирдің қарсыласы бразилиялық Рафаэль Алвес (19-10) болды. 

Үш раундқа созылған кездесу қорытындысы бойынша Дамир төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 29:28. Жекпе-жек басында бразилиялық файтер Ысмағұловты нокдаунға түсірді. Дегенмен Дамир бұл шабуылдың бетін қайтарып қоймай, қарсыласын гардта ұстап, соққы жасай отырып, бірінші раундта өз басымдығын көрсетті. Ал екінші раундта Дамир қарсыласының өзін есеңгіретті, тік тұрып және күресте де артықшылығын байқатты. Үшінші раундта да Алвес ештеңе істей алмады.