Қазақ спортшы өзбекстандық қарсыласын қылқындырып тастады

20 маусым 2022 10:19
©instagram.com/bravemmaf/

Жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық Ильяр Асханов (11-4) Бұхарада өткен Brave CF турниірнде жергілікті Хусанбой Атабаевты (9-3) жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

31 жастағы Асханов 36 жастағы қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісіне салып, жеңіске жетті. Бұл өзбекстандық файтердің бахрейндік промоушендегі алғашқы кездесуі еді. Ал қазақстандық Octagon League чемпионы болған Ильяр үшін бұл Brave CF лигасындағы бірінші жеңіс - былтыр ол дебютті айқасында есе жіберген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport