Қазақстандық спортшы Нұржан Ақышев MMA Octagon 35 және Brave CF 62 турнирінде сынға түсті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Бизон" лақап атымен танымал Ақышев Пәкістаннан келген Мехмаш Разамен кездесті. Жекпе-жек толық 3 раунд өтіп, екінші раундта жерлесіміз нокдаунға түсіп қалды. Алайда төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Еске салайық, турнирдің басты айқасы қазақстандық Бауыржан Қуанышбаев пен бахрейндік Магомед Магомедов арасында өтеді.