Қазақ спортшы қарсыласын бірінші раундта терең ұйқыға жіберді

22 желтоқсан 2022 09:30
©ВКонтакте

Жұмабек Тұрсын (22-10) Алматыда өткен MMA OCTAGON 38 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жұмабектің қарсыласы осыған дейін бір ғана рет жеңілген ирандық Ясер Ашаури (4-2) болды. 

Жекпе-жек бірінші раундтың 32-секундында аяқталды, қазақ файтер қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. 

Айта кетейік, Жұмабек Тұрсын Қытай азаматы болып тұрғанында UFC-де өнер көрсеткен. Ол осы бір әлемдік промоушендегі бірінші қазақ болып есептеледі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport