Қазақ спортшы жеңіліс көрмеген бразилиялықты бірінші раундта тізе бүктірді

23 қаңтар 2023 12:27
©Octagon

Қазақстандық UFC үміткері Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты сабмишенмен мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турниріндегі басты жекпе-жекте Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8-0) кездесті.

Азат жекпе-жекті белсенді бастап, бірінші раундтың соңына 10 секунд қалғанда қарсыласына сабмишен жасады. 

Айта кетейік, қазақстандық спортшы былтыр әлемнің белді промоушені - UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда қолы сынып, Американың аталған ұйымымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келді. Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі мүмкін екендігін айтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: