Қазақ спортшы бұрын жеңіліп көрмеген ресейлік нокаутшыны таза жеңді

20 наурыз 2021 12:50

Arlan MMA Pro Team командасындағы қазақстандық файтер Данияр Қойшыбек (6-1) Eagle Fighting Championship лигасы Краснодарда ұйымдастырған аралас жекпе-жек турниріне қатысты,- деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл лиганы бірнеше ай бұрын Хабиб Нурмагомедов сатып алған болатын. 

Қазақ спортшының қарсыласы 32 жастағы Алексей Ким (5-1) болды, ресейлік осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген және бес қарсыласының бәрін нокаутпен жеңген еді. 

Бұл айқаста 27 жастағы Данияр төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Бұл - қазақ файтердің EFC лигасындағы алғашқы жекпе-жегі. 

 

Метки: