Қазақстандық ММА жауынгері Аманбек Бекмұратұлы (5-0) Атырау қаласында өткен NAIZA 79 турнирінде жылдам нокаут жасап, жанкүйерлерді тәнті етті. Оның қарсыласы өзге қазақстандық Темірлан Абдурахманов (3-2) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек небәрі оныншы секундта аяқталды. Бекмұратұлы алғашқы шабуылында-ақ қарсыласын есеңгіретіп, артынша партерде жекпе-жекті аяқтады. Абдурахманов айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.
Аманбек Бекмұратұлы — Атырау өңірінің тумасы. Оның кәсіпқой карьерасындағы бес жеңісінің барлығы мерзімінен бұрын аяқталған: төртеуі нокаутпен, біреуі сабмишен. NAIZA лигасының мәліметінше, бұл нокаут промоушен тарихындағы ең жылдам нокаут болып саналады.
Жарнама