Единоборства
Кеше 14:55

Қазақ пен шешен спортшының айқасы ауыр нокаутпен бітті

©

Грозный қаласында (Шешенстан Республикасы, Ресей) өткен ACA 198 жекпе-жек турнирінің негізгі кардында жартылай ауыр салмақтағы азақстандық спортшы Асылжан Бақытжанұлы (17-7) октагонға шықты. Оның қарсыласы жергілікті файтер Сулим Баталов (10-1) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қарсыластар тор ішінде екі минуттан сәл ғана аса уақыт өткізді. Жекпе-жек Баталовтың нокаутымен аяқталды - ол Асылжанды жақын қашықтықта дәл соққымен ұрып құлатты.


Бұл 31 жастағы Сулим Баталов үшін карьерасындағы оныншы жеңіс болды. Ол кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілістен кейін дүркіреп оралып отыр.

Ал 35 жастағы Асылжан Бақытжанұлына келсек, ол соңғы екі жыл жеңіс пен жеңілісті алма-кезек өткізіп келеді. Бұл оның карьерасындағы жетінші жеңіліс, соның бесеуі ACA лигасында болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport