Қазақ пен америкалықтың UFC-дегі айқасы бір минутта аяқталды

6 қараша 2022 14:07
©ESPN

Қытайлық қазақ Сайран Нұрданбек (39-10) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 214 турнирінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ файтердің қарсыласы америкалық Дэррик Миннер (26-14) болды. Жартылай жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа есептелген болатын, алайда, Сайран қарсыласын бір минутта-ақ құлатты. 

Енді Сайранның есебінде 39 жеңіс, ал UFC-де ол үш айқаста жеңіп, бір кездесуде есе жіберген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport