Қытайлық қазақ Сайран Нұрданбек (39-10) Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 214 турнирінде жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ файтердің қарсыласы америкалық Дэррик Миннер (26-14) болды. Жартылай жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа есептелген болатын, алайда, Сайран қарсыласын бір минутта-ақ құлатты.
Енді Сайранның есебінде 39 жеңіс, ал UFC-де ол үш айқаста жеңіп, бір кездесуде есе жіберген.