Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін жеңілмеген қазақ файтер Дияр Нұрғожай (7-0) аралас жекпе-жекте қатарынан жетінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сочиде өткен Eagle FC 42 турнирінде Arlan MMA Pro Team командасындағы 24 жастағы нокаутшы ресейлік Магомед Магомедовтен (12-4) басым түсті.
Алайда бұл жолы Дияр карьерасында алғаш рет төрешілер шешіміне жүгінді. Бұған дейінгі жекпе-жектің бәрін ол алғашқы раундта аяқтайтын - төрт нокаут және екі сабмишен.