UFC президенті Дана Уайт қазақстандық Дияр Нұрғожайға ұйыммен келісімшартты жеке өзі табыс етті.
Дияр Лас-Вегаста өткен Дана Уайттың үміткерлер сериясының (DWCS) сегізінші маусымындағы турнирдің екінші раундында польшалық Бартош Шевчикті нокаутқа түсірді.
"Басқа тепкен керемет хайкик! 10 жеңіс, 27 жаста, 6 нокаут, 2 сабмишен. Ол UFC-дің жартылай ауыр дивизионын толықтырады. Сахнаға көтеріл!" - дейді Уайт.