1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

MMA
Бүгін 11:06
 

Қазақ нокаутшы титулды айқасқа шыға ма? Менеджер мәлімдеме жасады

  Пікірлер

blog.share

Қазақ нокаутшы титулды айқасқа шыға ма? Менеджер мәлімдеме жасады ©

31 желтоқсанда Жапонияның Сайтама қаласында аралас жекпе-жектен RIZIN турнирі өтеді. Аталған ивент аясында қазақстандық нокаутшы Каршыға Дәуітбек (18-3) лигадағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

31 желтоқсанда Жапонияның Сайтама қаласында аралас жекпе-жектен RIZIN турнирі өтеді. Аталған ивент аясында қазақстандық нокаутшы Каршыға Дәуітбек (18-3) лигадағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында спортшының менеджері Саят Әбдірахманов бұл жекпе-жектің чемпиондық белбеуге талас жолындағы маңызды екенін атап өтті.


Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін 32 жастағы Қаршығаның қарсыласы 38 жастағы жапониялық Юта Кубо (5-2) болмақ. Ол - кикбокстан әлемдік деңгейде танылған, кейіннен ММА-ға ауысқан тәжірибелі спортшы. Ал қазақстандық қатарынан екінші жыл 31 желтоқсанда өтетін дәстүрлі RIZIN турнирінде жұдырықтасады.

"Қазір бар назар алдағы жекпе-жекте. Кубо - ММА-да тәжірибесі аздау болғанымен, жалпы жекпе-жек спортында өте мықты қарсылас. Сондықтан оңай айқас болмайды", - деді Әбдірахманов.

Менеджердің айтуынша, егер жарақат болмағанда, қазақстандық файтер бұл уақытқа дейін чемпиондық жекпе-жекке шығып үлгерер еді.

"Белбеуге келсек, егер бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, Каршыға барлығынан бір қадам алда болады деп ойлаймын. Ең бастысы - октагонға шығып, өзін ең жақсы қырынан көрсету. Егер жарақат болмаса, ол әлдеқашан чемпиондық айқаста төбелесер еді. Қазір дивизиондағы жағдайды күтеміз.

61 келіге түсу мәселесі жарақатқа дейін қарастырылған. Енді Каршығаның физикалық жағдайын бақылап, шешімді келесі жылы қабылдаймыз", - деп келтіреді Әбдірахмановтың сөзін Vesti.kz журналисі Димаш Төлегенов.


Айта кетейік, Каршыға Дәуітбек - Қазақстандағы көрерменге сүйкімді файтерлердің бірі. Ол кәсіби ММА-дегі 18 жеңісінің он төртін нокаутпен аяқтаған. Шымкенттік спортшы қазір он жекпе-жектен тұратын жеңісті серияда, соңғы рет 2019 жылы жеңілген.

Сонымен қатар, турнирдің басты жекпе-жегінде Дәуітбектің салмақ дәрежесінде чемпиондық айқас өтеді. Қырғызстандық чемпион Ражабали Шайдуллаев (16-0) жапониялық Микуру Асакураға (19-5-0-1) қарсы титулын қорғайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!