Единоборства
6 маусым 10:49
 

Қазақ менеджердің файтері. Альварес Махачевті кім сабайтынын айтты

Қазақ менеджердің файтері. Альварес Махачевті кім сабайтынын айтты ©instagram.com/sayatus/

UFC ұйымында өнер көрсеткен америкалық Эдди Альварес жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев (25-1) пен Арман Царукян (22-3) арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

UFC ұйымында өнер көрсеткен америкалық Эдди Альварес жеңіл салмақ чемпионы Ислам Махачев (25-1) пен Арман Царукян (22-3) арасындағы жекпе-жекке қатысты өз ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Өткен аптада Махачев америкалық Дастин Порьені қылқындыру әдісімен жеңіп, UFC титулын қорғап қалды.

"Арман Исламды сабайды. Порьемен жекпе-жегінен кейін бірден солай ойладым. Хабибтің титулын қалай қорғағанын көріңіз - барлық қарсыласынан белдесуде анық басым болды. Айырмашылық тым орасан. 

Хабиб қарсыласын жерде бақылау жағынан қиындық көрген емес, Ислам Порьемен айқаста осындай қиындыққа тап болды.

Күрестен үлкен тәжірибесі бар Арман тейкдаунға ұмтылыстарды тоқтатып тастай алады. Тіпті Арман Махачевтің өзін тейкдаунға салып алуы мүмкін. Мен бұл жекпе-жекті тамашалағым келетіні анық", - дейді Альварес The MMA Hour арнасына сұхбатында. 

Айта кетейік, Арман Царукянның ісін қазақстандық менеджер Саят Әбдірахманов жүргізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!