Единоборства
3 қараша 15:56

Қазақ жігіт үш дүркін чемпионды бір-ақ минутта сұлатты

©Спорт Шредингера

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Нұрхан Жұмағазы (9-1) Жапониядағы RIZIN ұйымында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

RIZIN LANDMARK 12 турнирі аясында Кобе қаласында өткен кездесуде қазақстандық спортшыға жапондық Тацуя Сайка (13-5) қарсы тұрды. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды.

Нұрхан қарсыласын теуіп құлатып, артынша тұншықтыру әдісімен жапониялықты берілуге мәжбүр етті. Осылай қазақстандық файтер небәрі бір минутта жеңіске жетті.

Бұл қазақстандықтың карьерасындағы оныншы жеңісі болып отыр

Айта кетсек, бұған дейін Жумагазы ALASH PRIDE FC лигасында жеңіл салмақта уақытша чемпион атанған.

Ал Тацуя Сайка - жапондық PANCRASE ұйымының үш дүркін чемпионы (жеңіл салмақ, рекорд 9-1), сондай-ақ Road to UFC жобасының қатысушысы.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport