Қазақ жігіт өз салмағында әлемнің ең мықты файтерлерінің ондығына кірді

28 желтоқсан 2022 09:57
©

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Қазыбек Сағын белгілі fightmatrix сайтының тұжырымы бойынша супер жеңіл салмақтағы ең мықты файтерлер тізімінде тоғызыншы орынға жайғасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

DAR Pro Team командасының мүшесі NAIZA лигасының чемпионы. Ол супер жеңіл салмақ рейтингіндегі бірінші қазақстандық болып тұр.  

Бұл тізімнің көш басында Pancrase лигасының өкілі жапониялық Кейто Ямакита. 

Қазыбек чемпиондық титулын NAIZA лигасының қарашадағы турнирінде британиялық Джон Шинкті сабмишенмен жеңіп иеленген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport