"Қазақ...". Халықаралық ММА федерациясы Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісімен құттықтады

27 қазан 2020 11:41
Сурет: "Чемпионат"©
Халықаралық ММА федерациясы (IMMAF) UFС-де алғаш рет жұдырықтасқан қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновты жеңісімен құттықтады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында өткен UFC турнирінде бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта-ақ жеңген болатын.

"WMMAA тұжырымы бойынша бұрыңғы әлем чемпионы және Азия чемпионы Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісті дебютімен құттықтаймыз. Қазақ UFC 254 турнирінің бірінші раундында Алекс Оливейраны гильотина әдісімен жеңді", - деп жазылған ұйымның твиттер желісінде.