Қазақ файтерлер NAIZA чемпиондығын кореялықтан қайтаруға ниетті

26 қыркүйек 2022 15:01
©NAIZA

NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабала 61 келі салмақтағы жаңа чемпион, кореялық файтер Су Енг Юге қарсы жекпе-жекке үміткерлер арасында Гран-при өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz

- Су Енг Ю белбеуді алған соң, біраз батырларымыз жазып жатыр. Олардың қай-қайсын алып қарасақ та чемпион болуға лайық. Жұман Жұмабеков - бұрынғы чемпион, Еламан Шертаев титулдық жекпе-жек өткізуге мүмкіндік алған. Дастан Амангелді мықты файтер, жақсы қарқын алып келеді, ал Елжан Әлиасқар мықты жауынгерлерді жеңді.

Қайсысына мүмкіндікті беретінімізді білмей отырмыз. Сондықтан төртеуінің арасында Гран-при өткіземіз. Жеңімпазға 5 миллион теңгені табыстаймыз. Оған дейін де сыйақылар болады, - деді лига президенті мәлімдесінде.

Кореялық чемпион Су Енг Юге қарсы жекпе-жек өткізуге қазақстандық файтерлер Жұман Жұмабеков, Еламан Шертаев, Дастан Амангелді және Елжан Әлиасқар ниет білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, NAIZA 44 турнирінде 61 келі салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеуді қазақстандық Айдын Көдек пен кореялық файтер Су Енг Ю бәске салды. Төртінші раундтың басында Су Енг Ю қылқындыру әдісін сәтті қолданып, Қазақстанда чемпион болған тұңғыш кореялық файтер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: