Қазақ файтерге қонақ ретінде Хабиб Нурмагомедов келетін Алматыдағы турнирде жұдырықтасуға тыйым салынды

24 желтоқсан 2019 17:12
Борис Медведев пен Азамат Бакытов. © m-1global.com/
Алматыда Gorilla Fighting Championship 23 турнире қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, - деп хабарлайды GFC Кәсіпқой спорт лигасы.

Осылайша, салмақ тастауы сәтсіз болғандықтан Азамат Бақытовқа дәрігерлер ресейлік Зелимхан Бетергараевпен жұдырықтасуға рұқсат бермеді. Тағы бір қазақ файтер Азамат Төлеш сары қағаз алды. Қырғызстан спортшысы Эдил Есенгулов та осындай ескерту алды. Басқа спортшылар салмақ лимитінен аспады.

Еске салайық, турнир ертең, 25 желтоқсан "Алматы Аренада" өтеді. Бұл жарыстың құрметті қонағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов.

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді