Единоборства
26 қазан 2020 09:43

Қазақ файтер UFC-де қарсыласын бірінші раундта жеңгені үшін қанша алғаны айтылды

Сурет: Getty Images ©
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов БАӘ "Жекпе-жек аралында" өткен UFC-дегі дебютінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін 37 500 доллар алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Sportekz мәліметінше, қазақстандық спортшы октогонға шыққаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін де осындай сома, сондай-ақ, 3 500 доллар UFC-ден промоутер бонусын алды. Бұдан басқа қарсыласы Оливейра салмақ лимитінен асып кеткеннен кейін гонорарының бір бөлігін беруі тиіс, осылайша, ол Рахмоновқа 14 000 доллар "сыйлады".

Ал бразилиялық жекпе-жек үшін 61 000 доллар алған. Оливейраның промоутерлік бонусы 5 000 доллар болды.

Sports Daily мәліметінше, Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжимен жекпе-жектен 6 миллион доллардан аса табыс тапқан. Басылым дереккөзінің айтуынша, ресейлік жекпе-жек үшін алты миллион доллардан басқа, сол кеште шыққаны үшін 50 мың доллар бонус және жекпе-жек алдындағы промоушеннің түрлі шарасына қатысқаны үшін тағы 40 мың доллар алған. Бұдан басқа Нурмагомедов жеке ақылы трансляциялардың (PPV) сатылымынан және басқа да демеушілік төлемдерден өз пайызын алады.