Қазақ файтер UAE Warriors турнирінде жеңілмеген өзбекпен айқасады

15 қазан 2022 12:52
©instagram.com/tamgabaev92/

Қазақстандық файтер Ұлан Тамғабев (8-7) MMA UAE Warriors турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Азиядағы аралас жекпе-жек бойынша ең үздік лигалардың бірінде отандасымыз Өзбекстан елінің өкілі Жавохир Имамовпен (7-0) кездеседі. 

Осы уақытқа дейін Тамғабев үш кездесу өткізіп, бәрінде бірінші раунда жеңіске жеткен. 

Өзбекстандық файтер де бірде бір мәрте жеңілістің кермек дәмін татпаған. 

Бұл кездесу UAE Warriors 34 шоуында 20 қазан күні өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: