Қазақ файтер ресейлік қарсыласын бірінші раундта ұйықтатып тастады

18 маусым 2021 21:43
Сурет: betobzor.com

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай Красноярсктегі AMC Fight Nights 102 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшының қарсыласы ресейлік Василий Козлов болды. Бұл Мұратбектің ирандық Мохамад Хайбатиден төрешілердің даулы шешімімен есе жібергеннен кейінгі бірінші айқасы. 

Бірінші раундтың екінші минуты басталмай жатып-ақ Мұратбек қарсыласын "үш бұрыш" әдісіне салып тұншықтырып тастады. 

Метки: