Қазақ файтер Naiza турнирінің басты айқасын жеңді

26 тамыз 2022 03:42
©instagram.com/nfc_qazaqstan

Қазақстандық аралас жекпе-жек өнерінің шебері Әліби Ыдырыс (7-0) Алматыда өткен Naiza Fighting Championship 42 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бес раундқа созылған тартысты айқастың қорытындысы бойынша отандасымыз бразилиялық Флавио Сантостан (11-6) басым түсті. Соның арқасында Әліби аса жеңіл салмақта NFC чемпиондығын қорғап қалды.

Осылайша, Әліби Ыдырыс кәсіпқой спорттағы жетінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport