Қазақ файтер Naiza турнирінде ZFC чемпионымен жұдырықтасады

23 қыркүйек 2022 09:22
©Айбар Рысдәулет

23 қыркүйекте өтетін NAIZA 44 турнирінің басты айқасында Айдын Көдекке басқа қарсылас табылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Айдын лига чемпиондығы үшін Еламан Шертаевпен жұдырықтау керек боғлан, алайда, Шертаев салмақ лимитін орындай алмады. Енді қазақ файтердің қарсыласы кореялық Су Енг Ю болады. 

"Су Енг талаптардың бәріне сай келеді. Ол BLACK COMBAT пен ZEUS FIGHTING CHAMPIONSHIP лигаларының чемпионы, бразилиялық джиу-джитсудан қара белбеу иегері.

Naiza-ға дейін UAE WARRIORS, BLACK COMBAT, ZEUS FIGHTING CHAMPIONSHIP, PANCRASE секілді әлемге танымал лигаларда жекпе-жек өткізеді. Naiza 44 кардында тағы бір қызық айқас болатынына сенімдімін", - деп атап өтті Naiza матчмейкері Жандарбек Киссимов.

Айта кетейік, Су Енг 5 наурыз күні өткен Naiza турнирінде Жұман Жұмабековпен кездесу өткізуі керек еді, алайда, коронавирус шектеулеріне байланысты келе алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: