Қазақ файтер МакГрегордың алдағы жекпе-жегіне болжамын жасады

17 қаңтар 2020 16:43
©Reuters
Ресейде туған қазақ файтер Дамир Ысмағұлов алдағы жекпе-жекте Конор МакГрегор қарсыласы амеркиалық Дональд Серронені жеңетініне сенімді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бізді қызықты жекпе-жек күтіп тұр. МакГрегор жеңеді дегенге 60 пайыз сенімділік. Әрине ұзақ үзлісте болғаны әсерін береді. Алайда ол өз ісінің маманы. Қазір ол баспасөз алдына да аз шығып жүр, жаттығудан қолы тимегендіктен деп ойлаймын. Ол жақсылап дайындалған сияқты. 

Иә, Серроне мықты, ол тай боксынан келген. Бірақ оны жеңуге МакГрегордың дағдылары жеткілікті. Сондықтан ол жеңеді", - дейді Смағұлов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.