Қазақ файтер келесі жекпе-жегіне МакГрегордың кардында шығады

26 қараша 2020 12:17
Сурет: UFC©️

Қазақстандық Жалғас Жұмағұловтың швециялық Амир Альбазимен жекпе-жегі UFC 257 турнирінде өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл шоу Абу-Дабидегі Жекпе-жек аралында 23 қаңтарда өтеді, ал оның басты оқиғасы Конор МакГрегор мен Дастин Порье жекпе-жегі болады. Жұмағұлов кардта жұдырықтасады. 

Қазақстандық спортшы видеожолдау түсірді, онда ол 28 қарашаға белгіленген жекпе-жекті америкалық визасы бар төлқұжатты қайтарып үлгермегендіктен кейінге қалдыруға тура келгенін атап өтті.

Еске салайық, осы турнирде өзге қазақстандық спортшы Сергей Морозов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, ол Хабибтің інісі Умар Нурмагомедовпен жұдырықтасады.