Қазақ файтер жеті жылда алғаш жеңілді

18 желтоқсан 2022 12:13
©UFC

UFC-де өнер көрсететін қазақ файтер Дамир Исмағұлов (24-2) Лас-Вегеста өткен UFC Fight Night турнирінде ресейлік Арман Царукяннан (19-3) жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен рейтингте 9-орындағы Царукян 30-27 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, рейтингте 12-орында болған 31 жастағы Дамир кейінгі 20 айқаста бірініш рет және карьерасында екінші рет жеңілді. Кейінгі рет ол 2015 жылы М-1 Global турнирінде есе жіберген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport