Қазақ файтер Хабибтің промоушенінде чемпиондық белбеуге таласады

27 қыркүйек 2021 19:52
©Транслциядан кадр

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожай (6-0) UFC ұйымының бұрынғы чемпионына тиесілі Eagle FC промоушенінде чемпиондық белбеу үшін кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жекпе-жек кеші 17 қазан күні Сочи (Ресей) қаласында өтеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы ресейлік Степан Горшечников (8-3) болады. Бұл кездесуде жартылай ауыр салмақтағы EFC белбеуі сарапқа салынады. 

Ал кештің басты жекпе-жегінде Bellator ұйымының бұрынғы спортшысы Александр Шлеменко мен Артур Гусейнов кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: