Қазақ файтер Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

3 қараша 2022 17:07
©DAR Pro Team

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Асу Алмабаевтың (16-2) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз келесі кездесуін Бахрейн намысын қорғайтын ресейлік Магомед Идрисовпен (7-0) өткізеді. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек 26 қараша күні Балиде (Индонезия) Brave CF 66 турнирінде болады. 

Айта кетейік, Алмабаев кейінгі кездесуін шілде айында өткізіп, америкалық Зак Маковскиді (21-11) жеңді. Ал Магомед Идрисов болса ол да шілдеде жекпе-жек өткізіп, ирандық Саидали Аслиден (0-1) айласын асырды. 



Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport