Alash Pride ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы, қазақстандық ММА файтері Асылжан Таскет (11-3) Алматыда өткен Brave CF 105 және Alash Pride 123 бірлескен турнирінің басты жекпе-жегінде чемпиондық атағын сәтті қорғады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Титулдық реваншта оның қарсыласы ресейлік Алексей "Сушист" Мешков (8-5) болды. Бес раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Төртінші раундта Асылжан Таскет қарсыласын ауыр соққымен таза нокаутқа түсірді.
Осылайша, қазақстандық спортшы чемпиондық белбеуін сақтап қана қоймай, өткен жылдың желтоқсанында алған жеңілісінің есесін қайтарды. Сол кезде Алексей Мешков Таскетті жекпе-жектің небәрі 11-секундында нокаутқа түсірген болатын.
Бұл жеңістен кейін Асылжан Таскеттің кәсіби рекорды 11 жеңіс пен 3 жеңіліске жетті. Ал Алексей Мешков каррьерасындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Жарнама