Қазақ боксына таңданған Конор МакГрегор Қазақстанға келгісі келеді

23 қазан 2019 08:43
Сурет: mmaboxing.ru
Екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор Украина астанасы Киевте өткен баспасөз мәслихатына қатысып, Қазақсандағы ММА мен бокс жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақстанның ММА файтерлерін танымаймын. Бірақ Қазақстанда бокс өте керемет екенін білемін және тарихы да тереңде, еркін күрес те сондай. Қазақстан файтерлерін кездестірмеппін. Егер шақырсаңыздар, мүмкін Қазақстанға барып та қалармын", - дейді МакГрегор.



UFC ұйымының ең жарық жұлдыздарыны бірі Конор МакГрегор Украинаға алғаш рет келген, ирландиялықты бұл елге Parimatch бренді шақырған.