Қазақ бапкерісіз. Петр Ян UFC-дің чемпиондық айқасына қайда дайындалып жатқаны айтылды

30 наурыз 2022 20:39
©UFC

Жеңіл салмақта UFC ұйымының уақытша чемпионы ресейлік Петр Ян лига чемпионы Алджамэйн Стерлингке қарсы айқасқа атақты American Top Team ұжымымен дайындалуда. 

Ресейлік файтер Стерлинге қарсы бірінші айқасқа да осы командада дайындалған болатын. 

Ян АҚШ-қа бапкерлері Андрей Октябринский және Қайрат Нұрмағанбетовсыз барады. 27 жастағы Нұрмағанбетов Янның соққыларын дайындайтын маман. Ол Омск қаласының тумасы. Этникалық қазақ. 

10 сәуір Джексонвиллде (Флорида штаты, АҚШ) UFC 273 турнирі өтеді. Бұл кештің басты айқастарының бірінде Петр Ян жеңіл салмақтың чемпионы Стерлингке қарсы шығады.

Еске салайық, бұл файтерлер өткен жылдың наурызында кездесіп, Ян рұқсат етілмеген соққы жасағаны үшін жекпе-жектен шеттетілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport