"Қазақ Алмабаев...". Ресейлік БАҚ Асудың жеңілісін мазақ етті

Ресейлік Sport24.ru порталы қазақстандық Асу Алмабаевтың (21-3) португалиялық Манель Капемен (21-7) жекпе-жек алдында айтқан сөзін еске салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресейлік Sport24.ru порталы қазақстандық Асу Алмабаевтың (21-3) португалиялық Манель Капемен (21-7) жекпе-жек алдында айтқан сөзін еске салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Қазақ Алмабаев UFC ұйымының бұрынғы чемпионына карьерасын аяқтауға кеңес берді. Ал одан кейін өзі қарсыласынан қашып, ұятқа қалды", - делінген Sport24.ru сайтындағы мақаланың тақырыбында.
"Асу Алмабаев UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Генри Сехудоның болшағына қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін Сехудо Сиэтлде өткен турнирде Сун Ядуннан жеіліп қалған еді.
"Генри қазір бұрынғыдай емес. Карьераңды аяқтау туралы шешім қабылдағанда - кейін қайтуға болмайды. ММА-де жастар үстемдік етеді. Денең мен санаң сенен кетуіңді сұраса - онда уақыттың келгені", - деген еді Алмабаев UFC Vegas 103 турнирі алдында.
Ал өткен демалыста Алмабаев техникалық нокаутпен Манель Капеден жеңіліп, қарсыласының шешуші соққыларынан қашқаны үшін мазақ болған еді", - делінген мәтінде.
Бұл Асу үшін UFC-дегі алғашқы жеңіліс. Бұл жекпе-жекке дейін оның рекорды 4-0 болған.
Жарнама