Қайрат Ахметовтің аралас жекпе-жектегі келесі қарсыласы анықталды

24 қараша 2021 21:59
©instagram.com

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Қайрат "Қазақ" Ахметов келесі кездесуін One Championship ұйымында өткізетін болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Келесі кездесудің уақыты мен қарсыласын Ахметов өзінің Іnstagram парақшасында жазды. 

"Ресми: Қайрат Ахметов VS Денни Кинганд. 17-желтоқсан. Сингапур. One Championship", - деп жазды Ахметов.

 

Айта кетейік, Ахметов пен Кинганд арасындағы айқас екі мәрте өтпей қалған еді. 2019 жылы айқас қазақстандық спортшының жарақатына байланысты өтпесе, 2020 жылы филиппиндік спортшы коронавирус жұқтырып алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: