Қайрат Ахметов ONE Championship ұйымындағы кездесуінде жеңіске жетті

3 маусым 2022 21:36
©One FC

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (26-2) Сингапур қаласында өткен ONE Championship 158 турнирінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ең жеңіл салмақта өткен жекпе-жекте Ахметовтің қарсыласы жапониялық Татсумицу Вада (23-12-2) болды. Бұл кездесуде отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. 

Айқастың бірінші раундында Ахметов өте белсенді болды. Ол қарсыласын бірнеше мәрте партерге құлатып, соққыларын да дәл дарыта білді. 

Екінші раунд теңдей дәрежеде болды. Жапониялық қарсы шабуылмен жұмыс істеген еді. Алайда Қайраттың соққылары анық болып, Ваданың мұрнын қанатты. 

Үшінші раунд барысында Ахметов қайтадан партерде мықты болып, кездесуді өзінің пайдасына аяқтады. 

Айта кетейік, осы кездесудің алдында Ахметов ONE Championship рейтингінде екінші орында тұрған еді. Енді бірінші сатыға көтеріліп, бразилиялық чемпион Адриано Мораеспен кездесу өткізуге мүмкіндік алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: