Единоборства
13 желтоқсан 2021 09:32

"Қатын сияқты қашып жүрді". Түрік спортшы қазақ файтермен жекпе-жек жайлы

Ғалымжан Қанаев.©ALASH PRIDE

Alash Pride FC 71 және ресейлік Open FC промоушндарының бірлескен турнирінде К-1 ережесі бойынша бір жекпе-жек өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Кикбоксинг ережесі бойынша қазақстандық Ғалымжан Қанаев (16-1-0) пен түркиялық Ахмет Кылыч (19-2-0) өзара мықтыны анықтады. Бір айта кетерлігі, қос спортшы осыған дейін Alash Pride промоутерлік компаниясы ұйымдастырған турнирде ММА ережесі бойынша шыққан еді. Ол кезде Қанаевтың мерейі үстем болды. Бұл жолғы айқаста Анкарадан келген спортшының есе қайтарғысы келгенін аңғару қиын болмады. Себебі әр раундта Ахмет Кылыч бірінші нөмірмен төбелесуге ұмтылды. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер жеңісті соққыларды дәл тигізген Қанаевқа берді. Ал Кылыч болса қарсыласының қашып төбелескенін тілге тиек етті.

- Ахмет, сіз Ғалымжан Қанавпен екінші мәрте кездесіп отырсыз. Жекпе-жекке көңіліңіз тола ма?

- Шынымды айтсам, жеңіске жету үшін барымды салдым. Негізі Ғалымжан алғашқы айқаста жақсы төбелесті. Бірақ бүгін үш раунд бойы қатын сияқты қашып жүрді. Мұрнымның сынғанына қарамастан сыр бермедім.

- Сізге Ғалымжанмен ММА ережесі бойынша төбелескен дұрыс па әлде К-1 ережесі бойынша айқасқан ыңғайлы ма екен?

- Қашып төбелесетін спортшы үшін К-1 ережесі дұрыс. Сондықтан қарсыласым бұл жолы керемет төбелес көрсете алмады.

- Екеуңіздің араларыңызда үшінші айқас болуы мүмкін бе?

- Ия, мен үшінші кездесудің болғанын қалаймын. Ең бастысы еркекше қашпай төбелессе келісімімді беремін.

- Сіздің түркі халықтарының туын ұстағаныңызды көрдік... 

Мен тұраншылмын. Маған түркі тілдес халықтар ұнайды. Сондықтан да қазақ жеріне келгеніме қуаныштымын. Жалпы осыған дейін Алматы қаласынан бөлек, Түркістан мен Шымкент қалаларында болдым.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport