"Қатыгездік тудырады". Қазақстанда ММА көрсетілімдері шектеледі

29 тамыз 2023 12:04
©mmajunkie.usatoday.com

Қазақстанда аралас жекпе-жек трансляцияларына шектеу қойылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді. 

Шенеуніктің сөзінше, мұндай шара елдегі зорлық-зомбылық деңгейін төмендеуге септігін тигізу керек.

"Зорлық-зомбылықты азайту мақсатында осы ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда сондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе мектептегі балар сол әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында бір-біріне қол көтереді. Біз ондайды байқамай өзіміз WhatsApp арқылы таратып жатамыз. Қыз балалардың төбелесі, ер балалардың аясуыз төбелесі. Ал зорлық-зомдыбылық пен қатыгездік керісінше, тек қатігездік тудыратыны белгілі", - дейді министр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: