"Қатыгез". Бразилиялық UFC жауынгері Рахмонов пен Чимаевтың қайсы мықты екенін айтты

©mmaboxing

UFC жауынгері Гилберт Бернс Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаев арасындағы үздікті анықтады. Бұл туралы бразилиялық ММА шебері "Спорт Экспресс" басылымына берген сұхбатына айтты.

"Кезінде Шавкатпен бір залда жаттықтым. Шынымды айтсам, осыған дейін бірге жаттығу өткізген жігіттердің арасында спорттық тұрғыдан алғанда ең қатыгезі болды. Өте мықты жігіт. Салыстырмалы түрде ол Хамзат Чимаевтан басым. Шавкат қолмен де, аяқпен де мықты төбелеседі. Грэпплинг әдісін де жақсы қолданады. Соққылары жойқын. Ол өз салмағында чемпион болатын потенциалы бар", - деді Бернс.

Еске салайық, Бернс (20-4) 10 сәуір күні UFC 273 турнирінде (Джексонвилл, АҚШ) Хамзат Чимаевпен (10-0) күш сынасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport