Қазақстандық жеңілмеген файтер Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммадтың айтқанына жауап берді.
Мұның алдында "Номад" оларға UFC 307 турнирінде айқасу ұсынылғанын айтқан. Оның сөзінше, Шавкат оған келісті, ал Белал бас тартыпты.
"Мен ба белсенді емес? Қайдағыны айтпаңдаршы! Қалай болса да мен қазір соңғы айқастан кейінгі шеттеудемін. Ал Шавкат 2023 жылдан бері әлі жұдырықтаспады. Меніңше, Шавкат пен Усман айқасып, нөмірі бірінші үміткерді анықтауы қажет", - деген еді Мухаммад.
"Өзің келгенде ұмытшақ екенсің әлде, белбеу үшін айқасар алдында 14 ай бойы жекпе-жек өткізбегеніңді шынымен ұмытып қалдың ба?" - деп жазыпты Рахмонов твиттер желісінде.