"Қашан жұдырықтасамыз". Ресейдің ең атақты спортшылары турнир кезінде жаппай төбелес шығарды

25 желтоқсан 2020 10:17
Видеодан алынған кадр

Аралас жекпе-жектен танымал файтерлер Магомед Исмаилов пен Владимир Минеев 24 желтоқсан Мәскеуде өткен FIGHT NIGHTS турнирінде жаппай төбелеске себепші болды, - деп хабарлайды "Чемпионат" .

Минеев кездесулердің бірінен кейін октогонға шығып, Исмаиловтың атын атап тұрып шақырады да, "екеуміз қашан жұдырықтасамыз, әйтпесе адамдар сені қорқып қалды деп ойлап отыр" дейді. Осыдан кейін октогонға Магомед Исмаилов та шығады. Спортшылар аздап дауласады да, ақыры Исмаилов Минеевке жұдырық ала ұмтылады, оның арты спортшылар, бапкерлер және жанкүйерлер қатысқан жаппай төбелеске айналды.

Оқиғадан кейін Исмаилов полицияға жеткізіліп, артынша бостатылды.  

Исмаилов пен Минеев мұның алдында жекпе-жек өткізген, алайда жеңімпаз анықталмаған. Содан бері тараптар қарымта шарттарын келісе алмай келеді.

Метки: